08:56, 20 Тамыз 2017 | GMT +6
Канадада мигранттарға қарсы шеру өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Канаданың Ванкувер қаласында бірден екі митинг өтті. Қарсылық шерулеріне шамамен 4 мың адам қатысты, деп жазады CTV News.
Қала көшелерінің бірінде болған шерулердің бірі мигранттарға қолдау көрсетуды талап етсе, екінші топ иммиграция мен мультикультурализмге қарсылық танытты.
Осы оқиғаға байланысты 5 адам ұсталды. Ал жалпы алғанда шерулер бейбіт жағдайда болған.