Канадада Қазақстаннан асырап алынған балаларға арналып демалыс ұйымдастырылды

None
None
КВЕБЕК. ҚазАқпарат - Қазақстан елшілігі Квебек маңындағы Л'Анж-Гардиенде Қазақстаннан бала асырап алған канадалық отбасыларға арнап, табиғат аясында дастархан жайды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА Канададағы ҚР дипломатиялық өкілдігіне сілтеме жасап.

Шара қонақтарына арнайы мәдени-танымдық және спорттық көңіл көтеру бағдарламасы дайындалды, олар палау, кәуап жасап үйренді, қазақ бауырсағынан дәм татты. Балаларға қаппен секіру, шармен жүгіру, «бәйге» және т.б. ойындар ұйымдастырылды.









Шараға ерекше көрік берген 8 қанатты қазақ киіз үй болды.



Қонақтар 34 әріптен тұратын «қанағаттандырылмағандықтарыңыздан» деген ең ұзын қазақ сөзін айтып, дағдыланды. Олардың ұмтылыстары үшін қазақстандық шоколад сыйға тартылды.

Балалар мен олардың отбасы қазақ ақындары, спортшылары, тарихи тұлғалар шығармашылығымен танысты. Елшілік қызметкерлері аумағында демалыс ұйымдастыруға мүмкіндік жасағаны үшін киіз үй иесі Владимир Пашковқа, бас аспаз Хайдар мен оның командасына дәмді палау үшін алғыс білдірді.

Канададағы Қазақстан елшілігінің өкілдері келесіде мұндай шараға Канаданың әр жерінен бұдан көп адамдар жинайтынын сенімді.

Соңғы жаңалықтар