Камерунда пойыз апатқа ұшырап, 50 адам мерт болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Камерунда пойыз рельстен шығып кетіп, кемінде 53 адам мерт болды. Тағы 300 адам дене жарақаттарын алды, деп жазады lenta.ru.

Теміржолдағы апат Камерун астанасы Яундадан 120 км аймақтағы осы елдің ең ірі қалаларының бірі -Дуаламен байланыстыратын темір жол желісінде болды. Алдында 3 адамның көз жұмғаны хабарланған болатын.

Осыған дейін теміржолдың дәл осы бөлігінде нөсер жаңбырдың салдарынан көпір құлаған. Соның салдарынан Яунда мен Дуала арасында қатынас уақытша тоқтаған. Оқиғадан кейінгі алғашқы пойыз жолға 45 минутқа кешігіп шықты.

Апатқа ұшыраған пойызға осыған дейінгілері сияқты көптеген қосымша вагондар тіркелген. Әзірге қосымша вагондардың апатқа қаншалықты себеп болғандығы анықталған жоқ.

Соңғы жаңалықтар