Қамауда ұсталып отырған қырғыз кәсіпкері босатылды - ҚР ІІМ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жамбылдық полицейлер Қырғызстан азаматын ұрлап, бас бостандығынан айырып отырған күдіктілерді анықтады. Бұл туралы ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Арнайы операция барысында Жамбыл облыстық Ішкі істер департаментінің қызметкерлері ұрланған Қырғыз Республикасының жеке кәсіпкерін босатып алды. Алматы қаласының үш тұрғыны қылмыс жасады деген күдікке ілігіп отыр», - деді ол.

Оның айтуынша, 17 сәуір күні «Алматы-Тараз» тасжолында жеке көлікке мінген күдіктілер қырғызстандық мінген автомобильді мәжбүрлеп тоқтатқан. Осыдан кейін өздерін полиция қызметкері ретінде таныстырып, оны ұрлап кеткен. 

«Операция барысында көрші елдің ұрланған азаматы зардап шеккен жоқ. Ұсталғандар уақытша оқшаулағышқа қамалды», - деді Алмас Садубаев.

Соңғы жаңалықтар