Қалмұxанбет Қасымов барлық тергеушілерге планшет бермек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Құқық қорғау қызметін цифрландыру аясында тергеушілердің ақпараттық жүйесін іске қосу жоспарланып отыр, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ішкі істер министрі Қалмұxанбет Қасымовтың айтуынша, алдағы уақытта "Тергеуші" атты автоматтандырылған ақпараттық жүйені іске қосу жоспарланған. "Соның аясында барлық тергеушілер мен істі анықтаушы мамандарды жеке планшеттермен қамтамасыз ету көзделіп отыр. Осылайша, қылмыстық істерді тергеуді жылдамдатып қана қоймай, осы саладағы жұмыстың сапасын арттыруға болады. Тергеушілер мемлекеттік органдардың барлық ақпараттық базаларына бірден кіре алады. Сондай-ақ, оларға нақты қылмыстық іске қатысты әдістемелік материалдар жіберіліп тұрады", - деді Қ.Қасымов.

Министрдің сөзіне қарағанда, жаңа ақпараттық жүйенің арқасында қылмыстық істі тергеу уақытын барынша қысқартуға болады. Бұдан бөлек, қылмыстық істерді тергеу жұмысын бақылауда ұстауға мүмкіндік бар. Аталған жобаның жалпы құны - 2,4  млрд теңге.

"Сөз жоқ, аталған жобаны іске асыру үшін бюджеттен қыруар қаржы бөлінуі керек. Алайда биыл республикалық бюджет комиссиясы ішкі істер министрлігінің аталған шығындарын қолдаған жоқ", - деп атап көрсетті Қ.Қасымов. 

Соңғы жаңалықтар