Қалмұханбет Қасымов бірқатар ІІД басшыларын ауыстырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов бірқатар облыстық және Астана қалалық Ішкі істер департаменттерінің басшыларын ауыстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, елордалық ІІД-нің басшысы болып генерал-майор Марат Қожаев тағайындалды. Полиция генерал-майоры Амантай Әубәкіров Павлодар облыстық ІІД-ні басқаратын болады. Оңтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің басшылығына полиция полковнигі Қайрат Далбеков тағайындалды.

Қайрат Далбеков бұған дейін Маңғыстау облыстық ІІД-ні басқарған.

 

Соңғы жаңалықтар