Калифорниядағы лай көшкіннен 20 адам мерт болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Калифорнияның оңтүстігіндегі су тасқыны мен көшкіннің салдарынан 20 адам мерт болды, деп хабарлайды БЕЛТА.

Сондай-ақ, тағы төрт адам із-түссіз кетіп, тағы 30 адам түрлі дәрежеде жарақат алды.

Су тасқынынан Санта-Барбар округінің Монтесито қаласы қатты зардап шекті. Табиғат апатының зардаптарын жоюға 2 мыңға жуық арнайы мамандар жұмылдырылды.

Көшкіннің жүруінен тәулігіне 80 мыңға жуық көлік өтетін Калифорнияның  негізгі тас жолдарының бірі жабылды.


Фото: AP

Соңғы жаңалықтар