Каирде Наурыз мерекесі тойланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Каирдегі Елшілігінің ғимаратында Наурыз мерекесі тойланды. Ұлыстың Ұлы күнін Елшілік ұжымы, «әл-Азһар» университеті және т.б. жоғары оқу орындарында оқитын қазақстандық студенттер мен диаспора өкілдері ерекше қуанышпен қарсы алды.

Бұл туралы елшіліктің Фейсбуктегі парақшасында хабарланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Іс-шараның ашылу салтанатында сөз сөйлеген Елші А.Исағалиев жұртшылықты Наурызбен құттықтап, бұл мерекенің ежелден келе жатқан еліміздің рухани байлығы екенін, көптеген халықтардың мейрамы ретінде ЮНЕСКО Адамзаттың материалдық емес мұралары тізіміне енгенін атап өтті. Сонымен қатар, ол елімізге даму мен гүлдену, баршаға бақ-береке, ал студенттер қауымына жоғары білім алып, елге табыспен оралуларын тіледі» деп жазылған хабарламада.
null 

Сондай-ақ, елшілік келтірген мәліметке сәйкес, мерекелік іс-шара өнерпаз студенттердің концерттік қойылымдарымен жалғасқан. Қазақтың әнін, күйін жастар жарыса шырқап, сахналық қойылымдар көрсетілген. Ұлттық спорт ойындары да тасада қалмай, гір көтеру, қол күресі, арқан тарту сияқты спорт түрлерінен білекті жігіттер күш сынасты.
null 

«Сонымен қатар, Наурыз көжеден бастап түрлі қазақтың дәмді тағамдары дайындалып, үлкен дастархан жайылды. Жалпы алғанда, қазақстандықтар «Ніл» жерінде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, елдігіміздің ерекшелігін көрсете білді» делінген хабарламада.

null null null null null 

Соңғы жаңалықтар