«KADEX»: 26 мемлекет Қазақстанға озық қару-жарақтарын алып келеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мамырдың 23-26 аралығында Астанадағы Халықаралық әуежайдың әскери секторы аумағында «KADEX - 2018» V Халықаралық қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесі өтеді.

Аталмыш шараға алыс-жақын шетелдік ірі кәсіпорындардың басшылары мен Қорғаныс миинстрлері қатысады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Баспасөз қызметі.

Бүгін Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Армения, Иран, БАӘ, Түркия, Иордания және басқа елдердің Қорғаныс министрлерінің бастамасымен 21 ресми өкілдер Көрмеге қатысуын растады.

Әзербайжан, Египет, Израиль, Италия, Моңғолия және өзге елдердің қорғаныс мекемелерінің өкілдері де келеді. Сонымен қатар 98 шетелдік кәсіпорынның басшылары «KADEX - 2018» көрмесіне қатысуға ниет білдірді.

Экспонент ретінде «KADEX - 2018» Көрмесінде Беларусь, Бельгия, Болгария, Бразилия, Германия, Израиль, Үндістан, Испания, Италия, ҚХР, Нидерланды, РФ, АҚШ, Сербия сияқты әлемнің 26 елінен 294 кәсіпорын өз өнімдерін көрсетеді.

Көрмеде әлемнің жетекші өндірушілерінің қару-жарақ және әскери техника өнімдері ұсынылады.

«KADEX - 2018» көрмесінің келушілері мұнда қорғаныс-өнеркәсіп кешені мен ғарыш саласының соңғы жетістіктері мен келешегі бар ғылым жаңалықтарымен таныса алады.

Көрмеде негізгі басымдық электронды жүйеге, байланыс жүйесіне және қару-жарақпен басқаруға, ақпараттық қауіпсіздікте замануи шешімдерді іздеуге беріледі.

Бұдан бұрын айтылғандай, «KADEX» Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен өтетін алғашқы көрме.

Оған қорғаныс-өнеркәсіп кешені мен ғарыш саласындағы отандық және шетелдік кәсіпорындар, ақпараттық қауіпсіздік бойынша жетекші ғылыми-зерттеу институттары мен конструкторлық бюро өкілдері қатысады.

Қазақстанның астанасы - Астана қаласының 20 жылдығына орай «KADEX - 2018» көрмесі жаңа форматта өтеді. Көрменің ғылыми-іскерлік бағдарламасы аясында алғаш рет «Қазақстандағы ғарыш күндері» Халықаралық форумы өтеді және «Cyber and Digital Security» и «Advanced Def Tech» конференциялары ұйымдастырылады.

Көрменің алғашқы күні ҚР ҚАӨМ, ҚР АКМ, «Қазпочта» АҚ басшылары мен шетелдік құрметті қонақтардың қатысуымен Қазғарыштың 25 жылдығына арналған «KADEX - 2018» эмблемасымен бірге арнайы почта мөрқалыбы соғылған почталық марканы соғу салтанаты өтеді. Осы күні кез келген адам естелікке Көрме аумағынан марка мен почта мөрқалыбы соғылған конвертті ала алады.

Соңғы жаңалықтар