Кабулдағы жарылыстан Қазақстанның екі азаматы зардап шекті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Кабулдың орталық бөлігінде орын алған қуатты жарылыс салдарынан Қазақстанның 2 азаматы зардап шекті. Олар жарылыс орын алған жерден 500 метр қашықтықта орналасқан қонақ үйде болған. Бұл жайында ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов өзінің Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«1982 жылы дүниеге келген бірінің басын, ал 1991 жылы дүниеге келген екіншісінің аяғын терезе әйнегінің сынықтары жарақаттаған. Оларға медициналық көмек көрсетті және қазір қауіпсіз жерде. Екі азаматпен де қазақстандық дипломаттар тұрақты байланысқа шығып, қажетті көмек беруде», - деп жазды ол.

Жайнақовтың мәліметінше, жарылыс салдарынан Қазақстанның Кабулдағы Елшілігіне де зақым келіп, терезелері сынған. Жарылыс Елшіліктен 1,5-2 шақырым жерде болған.

«Қазіргі уақытта қазақстандық дипломаттар жарылыстан зардап шеккен Қазақстанның басқа да азаматтарының бар-жоғын анықтауда. Қала жабық. Ауғанстан астанасында жүрген барлық отандастарымызға қалада қауіпсіздік шараларын сақтауды, өздерінің жағдайларын туыстарына ескертіп, қажет болған жағдайда Ауғанстандағы Қазақсанның консулымен мына «қауырт желі» телефон нөмірімен  +93-747- 250-343 (WhatsApp) хабарласуды өтінеміз», - деді ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі.

Соңғы жаңалықтар