Кабулдағы шабуылға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы себеп болуы мүмкін - ҚР СІМ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер вице-министрі Ержан Ашықбаев Кабулдағы терактқа байланысты пікірін білдірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Аталған тақырыпты талқылау (Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру - авт.) немесе БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы Кабулдағы шабуылға себеп болды дегенді болжамды сызып тастауға болмайды», - деді Ержан Ашықбаев тілшілердің сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, лаңкестер өздерін жарнамалау үшін мұндай мүмкіндікті пайдаланған болуы мүмкін. Сонымен қатар, Ашықбаев Ауғанстандағы ахуалды ретке келтіру бағытында АҚШ-ты қолдайтынын және ауған жастары үшін сапалы білім алуда біздің елдің маңыздылығына тоқталды.

«АҚШ өз тарапы Ауғанстандағы ахуалды ретке келтіруде маңызды үлесін қосып келеді. Қазақстан Ауғанстандағы ахуалды ретке келтіру бойынша АҚШ әкімшілігінің жаңа әдісін толық қолдап, Қазақстанның білім бағдарламасы аясында өте үлкен әсерін тигізуде: мыңға жуық ауған жастары бейбіт бағыттағы мамандықтарды игеруде. 500-ге жуығы өз еліне қайтып оралып, бейбіт өмірді қалпына келтіру процесіне атсалысып жатыр», - дейді Ержан Ашықбаев.

ҚР Сыртқы істер вице-министрі сонымен бірге, Ауғанстандағы ахуал бүкіл Орталық Азия елдеріне әсерін тигізетінін тілге тиек етті.

«Ауғанстан - біздің көршіміз. Орталық Азия елдері арқылы біз бұл мемлекеттің қалай әсер ететінін байқап отырмыз. Ауғанстандағы болжамды тұрақсыздық, қарбаластықтың біртіндеп үдеуі Орталық Азияның ортақ климатында байқалады. Сондықтан, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі алаңда және Мемлекет басшысының ресми сапары аясында Ауғанстанға жан-жақты жәрдем беру қажеттілігі айтылған болатын», - дейді ол.

Еске сала кетсек, Ауғанстанда содырлардың қонақүйге шабуылы салдарынан Қазақстан азаматы қаза болған еді. Жақын күндері мерт болған азаматтың денесін Отанына жеткізуді ұйымдастыру бойынша мәселелер шешілетін болады.

 

Соңғы жаңалықтар