Кабулда көз жұмған қазақстандық бизнеспен айналысқан - ҚР СІМ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Әнуар Жайнақов Ауғанстанда көз жұмған қазақстандықтың денесін Отанына қайтару жұмысы жүргізіліп жатқанын айтып берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Кабулдағы қонақ үйге лаңкестердің шабуылы барысында Қазақстан азаматы мерт болды. Ол Астана қаласының 1978 жылы туған тұрғыны болған. Ол телекоммуникация саласында жұмыс атқаратын ауған компанияларының бірінің шақыруымен Ауғанстанға іссапармен барған. Қазіргі уақытта біздің дипломаттар көз жұмғане азаматтың денесін Қазақстанға жеткізу бойынша қажетті жұмысты жүргізіп жатыр», - дейді Әнуар Жайнақов.

Әнуар Жайнақов сонымен қатар, қаза тапқан адамның тегін әзірге айта алмайтынын жеткізді.

«Біз тағы да қайтыс болған азаматтың туған-туыстарына, жақындарына көңіл айтамыз. Ол кісінің тегін әзірге айта алмаймыз. Біздегі ақпарат бойынша ол Ауғанстанда қазан-қараша айларынан бері  (2017 жылдың - авт.) болған. Қазіргі уақытта толығырақ мәліметтерді жинастыру үстіндеміз», - дейді Жайнақов.

Ауғанстанда қазіргі таңда қанша қазақстандықтың барына қатысты сұраққа Әнуар Жайнақов нақты жауап бере алмады.

«Консулдық есепте тұрған азаматтар бар. Өкінішке қарай, ол азамат (қайтыс болған - авт.) біздің елшіліктегі консулдық есепте тұрмаған», - дейді ҚР СІМ ресми өкілі.

Еске сала кетсек, Ауғанстанда содырлардың қонақүйге шабуылы салдарынан Қазақстан азаматы қаза болған еді.

 

Соңғы жаңалықтар