Кабананга «әл-Насср» клубына кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» ФК шабуылшысы Джуниор Кабананга Сауд Арабиясының «әл-Насср» клубының ойыншысы ретінде ресми түрде таныстырылды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

«Астананың» үздік шабуылшысы сейсенбі күні Әр-Риядқа барып, «әл-Насср» клубымен 2,5 жылға жасалған келісімшартқа қол қойылды. Мәміле сомасы 2 миллион еуро деген ақпарат бар. Клуб 28 жастағы конголық футболшыны өз ойыншысы ретінде ресми таныстырып та үлгерді.

Джуниор Кабананга «Астанаға» 2015 жылы Бельгияның «Серкль-Брюгге» клубынан келген, елордада өткізген үш жыл ішінде үш дүркін Қазақстан чемпионы атанды, өткен маусымда Премьер-лиганың бас қаһармандарының біріне айналды, сондай-ақ Еуропа лигасында да көзге түстң. Сол аралықта бірнеше ай Түркияның «Карабюкспоры» сапында өнер көрсетуге де үлгерді. Қазақстан Премьер-лигасында 56 кездесуде 29 голдың авторы болды.

Соңғы жаңалықтар