«Jambyl» облыстық телеарнасының директоры тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жасұлан Әбдіхалық «Jambyl» облыстық телеарнасының директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Бұл туралы Берік Уәли Фейсбуктегі парақшасында жазды. 

«Ол Жамбыл телеарнасын осыдан 15 жыл бұрын қатардағы тілші болып аттаған. Содан редакторлық, дикторлық, аға редактор қызметтеріне сатылап өсіп телеарнаның бас редакторы - директордың орынбасарлығына дейін жетті. Аға буын журналистерден тəлім ала жүріп, талай тілшіні тəрбиеледі. Меншікті тілші деген қызметтің майын ішті. Ұлттық арнаның, Хабардың, 24kz-тің Жамбыл, Ақмола облыстарындағы тілшілер қосынын басқарды. Хабардың орталық жаңалығында қызмет етті. Қай арнада болмасын өз биігін жоғалтқан жоқ», - деп жазды Берік Уәли.

Жасұлан Әбдіхалықтың өмір жолын баяндай келе Берік Уәли оның ОҚО әкімінің баспасөз хатшысы болғанын атап өткен.

«Соңғы қызметі Ауыл шаруашылығы министрлігінде баспасөз-хатшысы, қоғаммен байланыс басқармасын басқарды. Енді міне журналистикаға қайта оралып, туған жеріндегі теларнаны түлетуге жол тартты», - деп жазды Берік Уәли.

 

Соңғы жаңалықтар