Израиль Сирия әскеріне қарсы соққы жасады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Израиль авиациясы Голан шыңының еврей мемлекетінің бақылауындағы бөлігіне жасалған ондаған снарядқа жауап ретінде Сирияның үкіметтік әскеріне қарсы соққы жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат РИА агенттігіне сілтеме жасап.

Көрші мемлекет аумағынан жасалған соққыларды әскерилер оқ-дәрілердің кездейсоқ ұшырылуы деп таныды, алайда, оны «израиль егемендігін жол берілмеуі тиіс бұзушылық» деп атады.

Мәлімдемеде атап өтілгендей, снарядтар Кунейтра аймағында жүріп жатқан үкіметтік әскердің сириялық оппозициямен қақтығысы кезінде «шекара» сызығынан асып түскен.

Израиль тарапынан зардап шеккендер жоқ. Авиасоққылардың құрбаны сириялық екі әскери қызметші болды.

Соңғы жылдары Израильдің әскери-әуе күштері Сирияның үкіметтік армиясына қарсы бірнеше соққы жасаған болатын. Ол соққылар әр кезде Израиль аумағына түскен бомбаларға жауап ретінде жасалып отырды. Мұндай соңғы оқиғаға үстіміздегі жылдың сәуірінде болды.

Сирия мен Изариль арасындағы шекараның ұзындығы 80 шақырымға жуықты құрайды. Екі ел арасында осы күнге дейін дипломатиялық қарым-қатынас қалыптаспаған.

 

Соңғы жаңалықтар