Израильдің бұрынғы президенті Шимон Перес қайтыс болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Израильдің саяси қайраткері, экс-президент Шимон Перес 93 жасында бақилық болды, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.

Оның туыстарының хабарлауынша, Перестің жағдайы өткен аптада күрт төмендеп кеткен, ол бір ай бұрын инсульт алған еді. 13 қыркүйекте ол Тель-Авив ауруханасына жеткізілді. Сол сәттен бастап Перес аппаратқа қосылып, ес-түссіз жатты.

Еске сала кетсек, Шимон Перес Израильдің барлық басты мемлекеттік лауазымдарын атқарған: екі мерзімде премьер-министр, сондай-ақ бірнеше мәрте қорғаныс саласын, қаржы министрлігін, байланыс министрлігін, ІІМ, СІМ және басқа мекемелерді басқарды. 2007 - 2014 жылдар аралығында Перес ел президенті болды.

1994 жылы ол үкімет басшысы Ицхак Рабин және Палестина жетекшісі Ясир Арафатпен бірге Палестина автономиясында азаматтық билікті беру үдерісіне ұласқан Ослодағы бейбіт келіссөздердегі ролі үшін Нобельдің бейбітшілік сыйлығын алған. 

Соңғы жаңалықтар