Израильдік ғалымдар сүйек тінін қалпына келтіретін тың технология ойлап тапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Зақымданған сүйек тінін бірнеше ай ішінде толық қалпына келтіруге болады. Израилдік ғалымдар тың технология ойлап тапқанын жария етті, деп хабарлайды Хабар 24 телеарнасы.

Олар науқастардың май жасушаларынан жартылай сұйық имплантант жасап шығарған. Соның көмегімен 11 адамға жүргізілген клиникалық зерттеулердің барлығы сәтті аяқталған. Бірнеше ай ішінде олардың жақ сүйектері қалпына келген.

Енді мамандар тың технологияның көмегімен науқастардың аяқ-қолын емдеуге ниетті. Алайда ол үшін алдағы бірнеше айда жаңа клиникалық зерттеулер жүргізілмек. Оның құны 14 миллион долларға бағаланып отыр.

Соңғы жаңалықтар