Із-түзсіз кеткен үш жасөспірім Алматы облысынан табылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда полиция кәмелетке толмаған 2 жасөспірімді іздестіріп жатқан болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Ішкі істер департаментінен мәлім еткеніндей, екі 14 жастағы жәсөспірім мен 17 жастағы бозбала ата-аналарының үйінен қашып кеткен.

«2003 жылы туған қашқындардың бірі Алматыдағы базарлардың бірінен табылды. Ол өзі қатарлас балалармен бірге екі апта бойы қаңғырып жүрген. Полициядағылар оның үйінен бұрын да қашқанын және осындай әрекетке 6 рет барғанын айтты»,-деп хабарлады тәртіп сақшылары.

7 күн бұрын жоғалып кеткен екінші баланы полицейлер облыс орталығындағы компьютер клубтарының бірінен ұстаған. Мәлім болғанындай, жасөспірім компьютер ойындарына құмар болып шықты және үйінен кеткелі бері достарымен компьютер ойнап жүрген.

2003 жылы туған оқушы қыз да бұрын үйінен қашқан. Ол 13 күн бойы қалада қаңғып жүріп, полиция қызметкерлері арнайы ұйымдастырған рейд барысында ұсталған.

Қашқындарды, үшеуін де ювеналды полиция қызметкерлері тексерді. Оның нәтижесі бойынша балалардың ата-аналарына қатысты әкімшілік бағыттағы ықпал ету шаралары қолданылады.

Соңғы жаңалықтар