ИЫҰ-ның Ғылым мен технология саммитіне Индонезия президенті қатысады деп күтілуде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үстіміздегі жылдың қыркүйегінде елордада өтетін Ислам ынтымақтастық ұйымының Ғылым мен технология жөніндегі саммитіне Индонезия Президенті Джоко Видодо қатысады деп күтілуде. Бүгін Ақордада бірқатар шет мемлекеттің Төтенше және Өкілетті Елшісінен сенім грамотасын қабылдаған ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Оңтүстік Азия өңіріндегі сенімді серіктесіміз Индонезиямен диалогымыз қарқынды дамып келеді. Астана мен Джакарта арасындағы саяси, халықаралық мәселелерге көзқаарасымыз бірдей», - деп атап өтті Елбасы.

Мемлекет басшысы екі мемлекеттің сауда-экономикалық қарым-қатынастарының әлеуеті жоғары екендігін, бұл саладағы ықпалдастықты дамытуда Үкіметтеріміз белсене қызмет атқаруы тиістігін баса айтты.

«Сіздер оған септігін тигізеді деп сенемін. Биылғы қыркүйекте Астанада өтетін Ислам ынтымақтастық ұйымының Ғылым мен технология жөніндегі саммитіне Индонезия Президенті Джоко Видодоның қатысуын күтіп отырмыз. Біздің биылғы Эр-Риядтағы кездесуімізде де осы мәселені сөйлестік. Саммит мұсылман үмметінің бірлігіне, технологиялар тұрғысынан ерекшеленуіне, жаңаруына ықпал етеді деп сенеміз», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар