Иван Ургант қазақстандық ұшқыштар жайында қалжыңдады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейлік тележүргізуші Иван Ургант «Вечерний Ургант» бағдарламасы барысында Ақтөбеде жолға қонған қазақстандық әскери ұшқыштар жайында қалжыңдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Танымал телебағдарламаның жазбасы Youtube видеохостингінде жарияланып отыр.

«Біз бұл оқиғаны қалай түсіндірсек екен деп жатқанда, Қазақстан Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі біздің алдымызды орап кетті. Қорғаныс министрлігі былай деп жазыпты: Ми-8 тікұшағы жергілікті тұрғындарды бақылау әдісімен визуальды бағдарлауды қалыптастыру мәселесін пысықтай отырып, әскери оқу-жаттығу тапсырмасын орындады. Экипаж автокөлік жолына қонып, жақын жерде орналасқан елді мекендерді нақтылады, қайта ұшып, оқу-жаттығу тапсырмасын аяқтады», - деді аталмыш роликке бағасын берген Иван Ургант.

Осы кезде залда отырған көрермендер ду күлді.

«Бұл танымал қазақстандық әскери сауалнама әдісі», - деп қосты шоумен.

Иван Ургант Қазақстан әскерилері әлемге жергілікті жерде навигациялық бағдарлауда жаңа ноу-хау көрсетті деп санайды.

«Қарулы қақтығыс болып жатқанда, бір еркек тікұшақтан атып шығып, «Жігіттер, стоп! Сауалнама әдісі: Біздің штаб қайда? Анда ма? Рахмет!», деп ары қарай ұшып кетеді», - деп қалжыңдады Ургант.

Бұған дейін хабарланғандай , Шымкент-Самара тас жолының бойында боран кезінде адасып кеткен тікұшақ қонып, олар жүргізушілерден бағыт сұраған. Әлеуметтік желіде жарияланған роликте тікұшақ еліміздің қорғаныс саласына тиісілі екендігі айтылған болатын.

«ҚР ҚК Әскери-әуе күштерінің Ми-8МТ тікұшағы жергілікті тұрғындарды бақылау әдісімен визуальды бағдарлауды қалыптастыру мәселесін пысықтай отырып, әскери оқу-жаттығу тапсырмасын орындады. Экипаж автокөлік жолына қонып, жақын жерде орналасқан елді мекендерді нақтылады, қайта ұшып, оқу-жаттығу тапсырмасын аяқтады», деп мәлім етті ҚР Қорғаныс министрлігі.

Қазіргі уақытта тікұшақ әуеайлақ базасында тұр.

«Армия авиациясындағы ұшу құрамының жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес түрлі навигациялар тәсілдерін пысықтау бағыты және ұшу даярлығының курсына сәйкес жерлерді (ұшуларды), оның ішінде ауа-райының бұзылуы кезінде бағдарлауды жүргізу бойынша ұшуды орындайды», - делінген түсініктемеде.

Соңғы жаңалықтар