Иван Дычконың келесі қарсыласы анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Аса ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Иван Дычконың (4-0, 4 КО) кәсіпқой рингтегі келесі қарсыласы анықталды, деп жазады Sports.kz.

BoxRec.com сайтының ақпаратына сүйенсек, ол - 29 жастағы АҚШ боксшысы  Стивен Кирнон (2-0, 1 КО).  Жекпе-жек 23 наурыз күні Голливудтағы (Флорида штаты, АҚШ)  бокс кешінің аясында өтеді.

Бұған дейін белгілі болғандай, Иван Дычко Сергей Ковалевтің бұрынғы жаттықтырушысы Сантос Росариомен серіктестікті тоқтатып, жаңа бапкер Рик Мандриспен жаттығып жүр.

Соңғы жаңалықтар