Иван Дычконың кәсіпқой рингтегі алғашқы қарсыласы белгілі болды

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Ауыр салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Иван Дычко кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде америкалық боксшымен қолғап түйістіреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

BoxRec порталындағы ақпараттарға сәйкес, отандасымыз 29 қыркүйекте АҚШ-тың Далас қаласында 34 жастағы америкалық Эйбур Райтпен жұдырықтасады. Райт бұған дейін үш кездесу өткізіп, 1 рет жеңіліс тапқан.

Айта кетейік, Иван Дычко - Олимпиада ойындарының екі мәрте қола жүлдегері, әлем чемпионы, үш мәрте Қазақстан чемпионы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері.

Дычко Рио олимпиадасынан кейін кәсіпқой боксқа ауысқанын жариялаған болатын. 2017 жылғы маусымда ол америкалық The Heavyweight Factory компаниясымен келісімшартқа отырды.

Соңғы жаңалықтар