Иван Дычконың қарсыласы белгілі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық кәсіпқой боксшы Иван Дычконың (2-0, 2 КО)  келесі қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Отандасымыз 1 желтоқсанда Тампта (АҚШ, Флорида штаты) USF Sun Dome аренасында жергілікті боксшы Ламарко Эллиспен қолғап түйістіретін болды.

BoxRec.com порталы мәлім еткендей Эллис кәсіпқой бокста жалпы алты кездесу өткізіп, екеуінде қарсыласын ұтып, төрт кездесуінде қарсыласынан жеңіліп қалған.

Ал Дычко соңғы айқасын 13 қазанда өткізіп, америкалық Родригес Кейдті үшінші раунда (0-1) тізе бүктірген еді.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан бірер күн бұрын  Иван Дычконың бокс кешіне кірубилеттерінің құны қанша болатынын жариялаған болатынбыз. Билеттердің құны 35 доллар (11 638 теңге), 55 доллар (18 288 теңге) және 75 доллар (24 938 теңге).

Соңғы жаңалықтар