Иван Дычко жекпе-жегінің билетінің құны белгілі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық кәсіпқой боксшы Иван Дычко (2-0, 2 КО) келесі кездесуін 1 желтоқсанда Тампта (АҚШ, Флорида штаты) USF Sun Dome аренасында өткізеді, деп хабарлайды Sports.kz .

Оның қарсыласының кім болатындығы әлі белгісіз.

Ал бокс кешіне кіру билеттерінің құны 35 доллар (11 638 теңге), 55 доллар (18 288 теңге) және 75 доллар (24 938 теңге) арасында болады. Тамптағы бокс кешінің хедлайнері Кристиан Камачо (5-1, 1 КО). Оның қарсыласы да әлі анықталмаған.

Еске сала кетейік, 13 қазанда өткен соңғы кездесуінде Дычко үшінші раунда америкалық Родригес Кейдті (0-1) тізе бүктірген еді.

Соңғы жаңалықтар