Иван Дычко қарсыласын нокаутпен жеңді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Иван Дычко (2-0, 2КО) кәсіпқой рингтегі үшінші жеңісіне қолжеткізді. Бұл туралы ҚазАқпарат «Қазақстан кәсіби боксының» ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі тобына сілтеме жасап хабарлайды.

АҚШ-тың Флоридада штатында өткен бокс кешінде қазақстандық  қарсыласы  мексикалық Карлос Сандовалды (10-14-1, 6КО) бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.

Айта кетейік, Карлос Сандовальдың лақап аты - «Супермэн». Ол кәсіпқой бокста барлығы 25 кездесу өткізіп, оның 10-да жеңіске жеткен. Кәсіпқой рингке 1997-жылы көтерілді. Айта кетейік, ол кезде Дычко небәрі 7 жаста болатын.

Соңғы жаңалықтар