Иван Дычко америкалық боксшыны нокаутпен жеңді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық ауыр салмақтағы боксшы Иван Дычко кәсіпқой рингтегі кезекті айқасын өткізді, деп хабарлайды Sports.kz.

Иван Голливудтағы (АҚШ, Флорида штаты) Seminole Hard Rock Hotel аренасында өткен бокс кешінде америкалық боксшы Стивен Кирнонды бірінші раундта нокаутпен жеңді. Бұл  біздің отандасымыздың кәсіпқой рингтегі бесінші жеңісі (барлығы - уақытынан бұрын) болады.

Кирнон мансабындағы екі жеңісінен кейін (біреуі - нокаутпен) бірінші рет жеңіліп қалды. 

Бұдан бұрын Иван Сергей Ковалевтің бұрынғы бапкері Деррик Сантос-Росариомен келісімді тоқтатып, Рик Мандриспен жұмыс істеуді бастады. 

Соңғы жаңалықтар