Итін құтқармақ болған адамды жылан шақты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Аризона штатындағы Финикс қаласының тұрғыны итін құтқару үшін ысылдағыш улы жыланның өзін шағуына мүмкіндік жасады.

62 жастағы Майкл Сибург (Michael Seaburgh) ауласындағы бассейнді тазартып жатып жыланның ысылдаған дыбысты естиді. Бауырымен жорғалаушы осында жатқан құрал-саймандардың астына тығылған көрінеді.

Сибургтың иті өзгеше шуды естіп іздеуге ұмтылған. Ол ысылдаған маңды тұмсығын сұғып иіскелей берген сәтте жылан атылады. Ер адам итінің тұмсығын қолымен жауып үлгереді. Бірақ бауырымен жорғалаушы оны шағып алды. Оған алғашқы медициналық жәрдем көрсетілді.

АҚШ-та жыл сайын 15 мыңға жуық үй жануарларын ысылдағыш жылан шағады. Олардың 80 процентін құтқарып қала алмайды, деп жазады Tucson News Now басылымы.

Фото: Globallookpress.com

Соңғы жаңалықтар