Италиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендер бар

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін таңертең Италияның орталық аудандарында орын алған қуаты 6,5 балдық жер сілкінісі салдарынан елдің бірқатар елді мекендерінде зардап шеккендер бар.

Бірақ, абырой болғанда қаза тапқандар жоқ. Бұл туралы Ресейдің жаңалықтар агенттігі Италияның Азаматтық қорғаныс ұлттық қызметінің басшысы Фабрицио Курчоға сілтеме жасап хабарлады.

Оның айтуынша, Азаматтық қорғаныс қызметі қызметкерлері, құқық қорғау органдары мен медициналық мекеме өкілдері қазіргі уақытта барлық қираған ғимараттарды тексеріп, жарақат алғандарға көмек көрсетуде. Ұлттық геофизика және вулканология институтының нақтыланған мәліметтеріне сәйкес,  қуаты 6,5 балдық жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша сағат 07:41-де орын алған, оның кіндігі - Норча қаласына тақау жерде. Бірінші жер сілкінісі орын алғаннан кейін 20 минуттан соң, қуаты 4,6 және 4,1 балдық тағы екі зілзала тіркелген.  Жер сілкінісі бүкіл Италия аумағында, оның ішінде Рим мен елдің орталық ірі қалаларында байқалған.

БАҚ өкілдері  Азаматтық қорғаныс қызметіндегі дереккөздеріне сілтеме жасай отырып, Толентино қаласында 3 адамның қирандылар астынан құтқарылғандығын хабарлауда. Олардың барлығы жеңіл жарақаттар алған.

Соңғы жаңалықтар