Италияда көшкін салдарынан 9 адам көз жұмды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Италияда көшкін салдарынан 9 адам көз жұмды, осыған дейін 5 адам қаза тапқаны туралы жарияланған болатын, деп хабарлайды ТАСС.

Оқиға Гран-Сассо тау массивінде орын алған. Көшкін 1,2 мың метр биіктіктен құлап, 4 қабатты Rigopiano di Farindola қонақүйін жауып тастады.

11 адам құтқарылды, олардың барлығы тікұшақпен Пескара қаласының маңындағы ауруханаға жеткізілді. 20 адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында. Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. 

Соңғы жаңалықтар