Италияда аптап ыстықтан қауіптіліктің ең жоғары деңгейі енгізілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Италияның Больцано қаласында аптап ыстық пен құрғақшылық салдарынан қауіптіліктің үшінші (максималды) деңгейі, тағы 13 облыста екінші деңгейі жарияланды. Бұл туралы сенбі күні елдің денсаулық сақтау министрлігінің сайтында мәлім етілді, деп хабарлайды Лента.ру.

«Жылу толқыны. Жоғары қауіптілік үш немесе одан да көп күн қатарынан сақталады», - деп түсіндірді Больцано жөнінде денсаулық сақтау министрлігі.

Демалыс күндері сондай-ақ Болонья, Брешия, Перуджа, Милан, Верона, Венеция, Латина, Турин, Анкона, Капмобассо, Флоренция, Фрозиноне және Пескарада температура жоғарылайтыны күтілуде.

ilmeteo.it метеопорталының дерегі бойынша, термометр бағаны 40 градустан асатын болады. Аптап ыстық ең алдымен, қарт адамдарды, балалар мен созылмалы ауруға шалдыққандарға кері әсер етпек. Мамандар италиялықтарға суды үнемдеуді ескертуде, ал билік қатты ыстық жағдайында қалай әрекет ету керектігі туралы бюллетендер таратуда. 

Соңғы жаңалықтар