Италия ЭКСПО-ға таңдап алынған тақырып үшін Қазақстанға ықыласын білдірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Италия үкіметі ЭКСПО көрмесіне таңдап алынған тақырыптың мазмұны үшін  Қазақстанға ықыласын білдірді. Миландағы көрмеде ең әдемі павильондардың бірі Қазақстанда болды. Бұл көрме азиялық ел ұйымдастастырған - төртінші және Орталық Азиядағы ел ұйымдастырған алғашқы ЭКСПО көрмесі. Бұл туралы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінде Италия Республикасының ұлттық күнін мерекелеу барысында аталмыш елдің Экономикалық даму министрінің орынбасары Иван Скальфаротто мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министр орынбасарының айтуынша, Милан ЭКСПО-2015 және Астана ЭКСПО-2017 көрмелеренің тақырыбы арасында өзара байланыс бар және екі көрме де жаһандық мәселелерді шешуге бағытталған.

«Қазақстанды болашаққа арналған осындай қызықты көрмені ұйымдастыруымен құттықтаймын. Көрме елдеріміздің экономикасына ғана емес, сондай-ақ әлемнің тұрақты дамуына да өзіндік ықпал етеді. ЭКСПО-2017 көрмесі әлемдік шараға сеніммен қатысуға шешім қабылдаған Қазақстанның және оның халқының әлеуетін жіті қарастырып, жаһандық даму саласында жаңа жетістіктерге жетуіне мүмкіндік береді», - деп атап өтті Иван Скальфаротто.

Өз кезегінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің орынбасары Айбатыр Жұмағұлов Италияның Қазақстанның сыртқы саясатында маңызды орын алатынын, Қазақстанның еуропалық елдер арасында белсенді экономикалық серіктесі екендігін атап өтті. Елдегі ірі италиялық компаниялардың бар болуы және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қарқынды дамуы соған айқын дәлел екенін тілге тиек етті.

«Қазақстан мен Италия арасындағы екіжақты қатынас тұрақтылық пен өзара түсінушілікпен сипаталады. Екі ел қазақстандық-италиялық қатынасты жаңа деңгейге көтерген стратегиялық серіктестік жөніндегі келісімшартқа қол қойды. Мемлекеттеріміз арасында серіктестік қатынасты нығайта түсірген өндірістік және экономикалық ынтымақтастық пен алмасу бойынша қазақстандық-италиялық үкіметаралық жұмыс топтары жемісті жұмыс атқарды. Осылай Қазақстан мен Италия арасында тауар айналымы 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында 4 млрд 798,5 млн долларды құрады. Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 39% артты (3 млрд. 448,9 млн доллар)», - деді вице-министр.

Шараның ресми бөлімінен кейін, қонақтар Италия мәдениетін тамашалауға мүмкіндік алды. Сахнада италиялық танымал кернейшілердің бірі Нелло Сальца өнер көрсетті. Атақты музыкант «Керемет өмір», «Сегізаяқ», «Бір күні Америкада», «Стендаль синдромы», «1+1» сияқты түрлі фильмдерге жүздеген өлеңдер жазған.

Соңғы жылдары Италия жаңартылатын энергия көздері саласында оң нәтижелерге қол жеткізді. Ел «Энергетикалық жобаны» жүзеге асыруға кірісті. Аталған жобаға сәйкес Калабрия, Камери, Кампания, Ломбардия, Пулья, Пьемонте, Чирие қалалары мен Сицилия аралында 25 жел, фотогальваникалық және геотермалды әзірлемелерінің құрылысы басталды.

 

Соңғы жаңалықтар