Испанияның Валенсиясында Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 21 маусымда Испанияның Валенсия қаласында Қазақстан Республикасы Құрметті Консулдығының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстанның Құрметті Консулы лауазымына испан бизнес-қауымдастығының өкілі Кристиан Рожер тағайындалды. Валенсия Сотының ғимаратында өткен Құрметті консулдықтың ресми тұсаукесер салтанатына Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Бақыт Дүйсенбаев, Испания Конгресінің депутаты Хосе Мария Чикильо, Валенсия Қауымдастығы Парламентінің төрағасы Энрик Морера и Катала, Алматы қаласы Туризм және халықаралық байланыстар басқармасының басшысы Ерлан Жайлаубай, сондай-ақ Валенсия қауымдастығының басқа да саяси және бизнес-топтары қатысты.

К. Рожер өз сөзінде, Қазақстан мен Испания арасындағы саяси және сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі нығайтуға барлық күшін салатынын атап өтті.

Сонымен қатар, қазақстандық делегацияның сапары шеңберінде Валенсия Қауымдастығы Үкіметінің Халықаралық ынтымақтастық департаментінің Басшысы Жоан Калабучпен және мэрия мен Валенсия Сауда палатасының басшылықтарымен кездесулер өткізілді.

  

Соңғы жаңалықтар