Испанияда «Щучинск-Бурабай» туристік аймағы таныстырылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат- Ақмола облысының делегациясы Испанияның Мадрид қаласында ашылған 38-ші халықаралық FITUR-2018 көрмесіне қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еске сала кетейік, 2017 жылы өткен халықаралық көрмеге 165 елден 10 мың компания, туризм бизнесіндегі 136 мың маман қатысқан болатын. Көрмені 110 мың адам тамашалады.

Биыл бұл көрмеге Қазақстан Республикасы атынан Ақмола облысының делегациясы қатысып отыр. Делегация құрамына Ақмола облысының туристік ақпараттық орталығы, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы, облыстық туристік қауымдастық өкілдері мен туроператорлар енді.

Ақмолалықтар ұсынған «Visit Akmola» қабырға тақтасының ашылуына Қазақстанның Испания корольдігіндегі Төтенше жəне өкілетті елшісі Бақыт Дүйсенбаев, ЮНВТО дүниежүзілік туристік ұйымының өкілдері қатысты.

Көрмеде Ақмола облысы «Щучинск-Бурабай» курортты аймағының туристік əлеуетін таныстырды.

Аймақ басшысының кеңесшісі Марат Иғали облыс əкімінің тапсырмасымен Бурабай жəне Зеренді аумағына туристерді көптеп тарту бағытындағы жұмыстарды ширату қолға алынғанын атап өтті.

«Ақмола облысы бұл туристік көрмеге бірінші рет қатысып отыр. Көрменің алғашқы күні Ақмола облысының «Visit Akmola» туристік орталығы мен Португалияның туризмді дамыту ұйымымен тəжірибе алмасу, мамандарды оқыту бойынша екіжақты келісімге келдік. Сонымен қатар, ЮНВТО дүниежүзілік туристік ұйымының бас хатшысы Зураб Пололиашвилимен кездесу ұйымдастырылды...", деп жазды Марат Иғали Фейсбуктегі парақшасына.

Соңғы жаңалықтар