Испания жағалауынан бір тәулікте 600 мигрант құтқарылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -Испания теңізі жағалауынан бір тәулік ішінде  Африка елдерінен келе жатқан 600 мигрант құтқарылды, деп хабарлайды Белта.

Жұма күні және сенбі күні таңертең Картахен ауданына (Мурсия автономиясы) бағыт алған 41 қайықтағы 431 адамды байқаған. Сосын құтқарушылар Испания жағалауына жақын маңнан 10 қайықты ұстады.

Осы жылы Испанияға келетін мигранттар санының өскені байқалуда. 2017 жылдың басынан бастап  теңіз арқылы 17,7 мың адам келген. Жалпы жыл ішінде Еуропаға 160 мың мигрант келсе, оның 75% Италия қабылдаса, қалғандары Греция, Испания және Кипр елдерінде қалған. Шамамен 3 мың мигрант мерт болған.

Соңғы жаңалықтар