Ислам әлемінде демократия болмайды деу қате пікір - Ерлан Ыдырысов

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ислам мен демократия қабілетсіздігі арасында теңдік белгісін қоятындардікі дұрыс емес. Бүгін елордада өтіп жатқан Инновация, технология және білім мәселелері жөніндегі Астана парламентаралық форумында ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов осындай пікір білдірді.

«Мұсылман уммасы өзінің ғылыми-техникалық, инновациялық және ақпараттық дамуында батыс әлемінен айтарлықтай артта қалғаны құпия емес. Ал дәл осы жайт мемлекет пен халықтың тұрақтылығының, өсімі мен әл-ауқатының кепілі саналады», - деп атап өтті министр.

Осы ретте Е.Ыдырысов бір заманда мұсылман әлемі адамзат баласына Әл-Фараби, Әбу әли Инн Сина, Әл-Хорезми сынды ұлы ғалымдар мен ағартушылардың тұтас шоғырын сыйға тартқанын еске салып өтті.

«Біз Ислам мен демократия қабілетсіздігі, экономикалық табыс пен зияткерлік даму арасында теңдік белгісін қоятындардікі дұрыс емес деп есептейміз. Біз мұнымен түбегейлі келіспейміз. Сондықтан Қазақстан жаңғырту мен реформа үдерісіне белсенді үлес қосуға ұмтылады», - деді Е.Ыдырысов.

Сонымен қатар ол бүгінгі күні ислам әлемі заманауи сын-қатерлердің ошағында қалып отырғандығын баса айтты. «Оның себебі аз емес және оның басым бөлігі сол умманың өз ішінде жатыр. Бұл негізінен тиімсіз мемлекеттік басқаруға, саяси жүйенің жетілдірілмеуіне, адами даму индекстері көрсеткіштерінің төмендігіне, инвестиция жетіспеушілігіне, халықты әлеуметтік қорғау саласының дамымағандығына, білім мен медицинаға қолжетімділіктің төмендігіне және басқа да жайттарға байланысты», - деді министр.

Соңғы жаңалықтар