Ішкі істер министрінің орынбасары бір автобус баланы құтқарған полицейдің қалын біліп қайтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-лейтенанты Марат Демеуов Астананың бірінші қалалық ауруханасына Павлодардан санитарлық ұшақпен жеткізілген полиция старшинасы Мұрат Нұрсейітовтің денсаулығын біліп қайтты.

Марат Демеуов ІІМ басшылығы тарапынан өзінің қызметтік міндетін орындау кезінде батырлық пен ержүректілік танытқан Мұрат Нұрсейітовке алғыс айтты.

«Біз өз өмірін қатерге тіге отырып, құқықтық тәртіпті қорғайтын және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, жауапкершіліктің үлгісі болып табылатын қызметкерлерімізді мақтан тұтамыз. Олар ішкі істер органдарының негізгі қазығы және сенімді тірегі», - деп атап өтті М. Демеуов.

Еске салсақ, Павлодар-Астана тас жолында Баянауылға балаларды жарысқа жеткізуі тиіс болған автобусқа ілесіп келе жатқан полиция көлігі мен КамАЗ соқтығысты . Жүк көлігі автобуспен соқтығыспас үшін полиция қызметкері Мұрат Нұрсейітов өзі басқарған «Лада Гранта» қызметтік көлігін жолдың үстіне көлденең бұрған.

Салдарынан полицей көптеген жарақаттармен Павлодар қалалық ауруханасына жатқызылып, Астанаға алып келгенге дейін он күннен астам уақыт ем алды. 

ІІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Тәуелсіздіктің 25 жылында қызметтік міндеттерін өткеру кезінде ішкі істер министрлігінің 938 қызметкері қаза болды,  оның ішінде 765-і ішкі істер органдарының қызметкері, 173 Ұлттық ұланның әскери қызметшілері. Одан бөлек, 2261 қызметкер жарақаттар алды.

1993 жылдан бастап 2016 жылғы желтоқсанға дейін мемлекеттік наградалармен ішкі істер органдары мен Ұлттық Ұланның 1147 қызметкері марапатталды, оның 127-сіне қаза тапқаннан кейін берілді.

Соңғы жаңалықтар