Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -40 °С
Алматы: -16 °С
USD 324.65 EUR 397.66
RUB 5.74 CNY 50.73
Жаңалықтар

Ішімдік сату талаптарын бұзған оралдық кәсіпкерлер 2,3 млн астам теңге төлейді

2017 жылғы 15 қараша 16:35 620
Поделиться:
Ішімдік сату талаптарын бұзған оралдық кәсіпкерлер 2,3 млн астам теңге төлейді

ОРАЛ. ҚазАқпарат -  Алкогольды өнімдер өткізу талаптарын бұзғаны үшін Орал қаласы мамандандырылған әкімшілік соты салған айыппұлдың жалпы мөлшері 2 млн 349,302 мың теңгені құрады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» ҚР Заңы 9-бабына сәйкес мейрамхана, бар, кафелерден басқа жерлерде сағат түнгі 23.00-ден келесі күнгі 08.00-ге дейін алкоголь өнімін сатуға тыйым салынғаны белгілі. Осы заңдылықты бұзғаны үшін ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 200-бабы 3-бөлігіне сәйкес биыл 26 кәсіпкер жауапқа тартылды. Кәсіпкерлік нысандарының санаттарына байланысты оларға 22 690 теңгеден 181 520 теңгеге дейін айыппұл салынды.

Қазіргі таңда соның 992 440 теңгесі ғана ерікті түрде төленген. Қалғаны мемлекет пайдасына мәжбүрлі түрде өндірілуде. 

 

 


Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
Редактор
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
Редактор
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
Мұрағат