Ішімдік ішу «аралы», пәтерін шатастырған студент, «жалаңаш» шырша - Мерекедегі қызықты оқиғалар

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жыл сайын Жаңа жыл мерекесінде көптеген қызықты оқиғалар орын алып жатады. Мұндай оқиғалар кездейсоқ та болады. Кейде оны адамдардың өзі қолдан жасайды. Табалдырықтан енген 2018 жылы да бірқатар қызықты сәттермен толықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жаңазеландиялықтар ішімдік ішу үшін су ортасынан «арал» тұрғызды

Бір топ жаңазеландиялықтар жаңа жылды таза ауада тойлау үшін және қоғамдық орындарда ішімдік ішуге салынған тыйымды айналып өту үшін жаға маңында кішігірім арал тұрғызған, деп хабарлады ВВС. https://www.bbc.com/russian/other-news-42536185

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, арал Тайруа өзенінің сағасында тұрғызылған. Онда үстел мен сусындарды салқындату үшін мұз салынған жәшік қойған. Өзен суы қайта толғанда, аралдың айналасын су басқан және осылайша, арал тұрғызушылар спиртті ішімдік ішуге салынған ресми тыйымнан босатылған. Олар аралда тұтас жаңа жыл түнін өткізіп, отшашуды тамашалаған.

Коромандел қаласының билігі жаңажылдық мереке кезінде қоғамдық орындарда спиртті ішімдік ішуге тыйым салып, 250 жаңазеландиялық доллар (180 АҚШ доллары) көлемінде айыппұл енгізген. Алайда, күтпеген бастамаға билік өкілдері қалжыңмен жауап берген. «Жақсы идея екен - мұны білгенде, мен де оларға қосылар едім», - деді жергілікті полиция басшысы, инспектор Джон Келли.

Алматыда белгісіз адамдар үрлемелі Аяз Атаны «ұрып-соққан»

Алматыда белгісіз адамдар үрлемелі Аяз Атаны ұрып-соққан. Үрлемелі Аяз атамен төбелесті куәгерлер түсіріп алған, деп жазды InAlmaty.kz. https://www.inalmaty.kz/  Оқиға 1 қаңтар күні 00.20-те Satbayev University маңында болған.

Уфа тұрғыны шырша түбінен ұйықтап жатқан ер адамды тауып алған

«АиФ-Уфа» газетінің хабарлауынша, Э.Рязановтың «Тағдыр тәлкегі немесе жеңіл буыңызбен» фильміндегі оқиға Башқұртстан тұрғыны Альбина Маркованың үйінде қайталанған.

Таңертең күйеуін жұмысқа шығарып салған Альбина есікті жауып, душқа кірген. Душтан шыққанда, ұлы пәтерге бейтаныс ер адамның кіргенін жеткізген. Ол қонақ бөлмедегі шыршаның түбінде ұйықтап қалған.

Альбина ұлын алып, жуыну бөлмесіне жасырынған және күйеуіне хабарласқан. Күйеуі күтпеген қонақты оятуға тырысқан бірақ қонақтың сөйлейтін шамасы болмаған. Сөмкесінен медициналық оқу орнының 4-курс студентінің сынақ кітапшасы табылған. Оқиғадан соң, Альбина жас жігіттің Инстаграмдағы парақшасын тапқан және студенттің түнгі клбутарға жиі баратынын көріп, пәтерді неліктен шатыстырып алғанын түсінген.

АҚШ-та егіздер түрлі жылдары дүниеге келді

Жаңа жылда Калифорния ауруханасында егіздер араға 20 минут салып, түрлі айда және түрлі жылда дүниеге келді, деп жазды «Известия» басылымы. .

Америкалық БАҚ-тың хабарлауынша, Хоакин және Аитана де Хесус Онтиверостар Делано қалалық ауруханасында туған. Алғашқы сәби - ұл бала 2017 жылдың 31 желтоқсанында жергілікті уақытпен 23:58-де туса, оның сыңар қарындасы 20 минуттан кейін, 1 қаңтарда 00:16-да жарыққа келген.

Шақалақтардың ата-анасы - Мария мен оның күйеуі Хоакин Эрлимат қаласында тұрады. Олардың үш қызы бар.

Италияда сауда орталығындағы шырша ұрланды

Неапольдің танымал сауда орталықтарының бірінде салтанатты түрде ашылған жаңажылдық шырша бір тәуліктен кейін қолды болды, деп жазады korrespondent.net.

Umberto I галереясында Gran Caffe Gambrinus сыйлаған жаңажылдық шыршаны ұрылар арамен кесіп әкеткен. Орнында әсем шыршаның бірнеше бұтағы мен аударылған тостағаны ғана қалған.

Кишиневте «жалаңаш» шырша орнатылды

Кишиневте Карпаттан жеткізілген шырша үшін жанжал туындады, деп хабарлайды strana.ua. Дұрыс жеткізілмеу кесірінен ағашқа қатты зақым келген. Кей бұтақтарын жұмысшылар кедергі келтірмесін деп, кесіп тастаған. Тұрғындардың наразылығынан соң, қала билігі шыршаны ауыстырды. Бірақ, жаңа шырша дауға ұшырады, себебі ағашты балабақша аумағынан кесіп әкелген.

Соңғы жаңалықтар