Исекешев елордалық меморгандарға Жолдауды орындауға байланысты бірқатар міндеттер қойды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана әкімдігінің активі  Қазақстан Республикасы Президентінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын орындау туралы міндеттерін талқылады, деп хабарлайды Elorda Info.

Астана қаласының әкімі Ә.Исекешев Мемлекет басшысының Жолдауын орындау барысында елордалық мемлекеттік органдар алдында бірқатар міндеттер қойды.

«Президент 10 негізгі міндет қойды. 11 қаңтарда Үкімет отырысында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Жолдауды іске асыру туралы тапсырма берді. Біріншіден, индустрияландыру саласында бизнестегі заманауи технологияларды енгізуден және осындай кәсіпорындардың қолдауымен экономиканы цифрландыруға байланысты қызметкерлерді босатудың тетіктерін әзірлеу қажет», - деді Астана әкімі.

Әсет Исекешев босатылған жұмысшыларды жұмыспен қамту бойынша саясатты анықтау және тұтастай алғанда еңбек ағынын қамтамасыз ету үшін белсенді жұмыс істеу қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, әкім ресурстық әлеуетті дамытуға қатысты бір айдың ішінде қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және өңдеу жүйесін құру бойынша жол картасын әзірлеуді тапсырды.

«Өткен жылы біз қатты тұрмыстық қалдықтарды жою бағдарламасын бекіттік. Біз жаңа экологиялық бағдарлама бойынша жұмыс істей бастадық. Ғалымдар мен сарапшылардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізіліп, Энергетика министрлігіне экологиялық кодекс бойынша ұсыныстар әзірлеу қажет», - деді Әсет Исекешев.

«Ақылды технологиялар» бағыты бойынша - агроөнеркәсіптік кешенді дамытуда серпіліс жасауға мүмкіндік туды», - деген қала әкімі Қазақ агротехникалық университетінің базасында еліміздің барлық өңірлерінен фермерлерді агроөнеркәсіптік кешенде жаңа технологияларды үйрететін замануи орталық құру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Әкім сондай-ақ, қала құрылысын жобалау және жоспарлау тәсілдеріне қатысты  жаңа құрылыс техникасын қолдану тұрғысынан құрылыс саласында нормативтік құқықтық актілерді өзгерту бойынша жаңа ұсыныстар әзірлеуді жергілікті мемлекеттік органдарға тапсырды. Әсет Исекешев тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын жаңғырту мақсатында МЖӘ (мемлекеттік-жекеменшік әріптестік)  механизмдерін  қолдану қажеттігін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар