Исекешев астаналықтарды мазалайтын үш негізгі мəселенің шешімін атады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев тұрғын үй коммуналдық шаруашылығына ақпараттық теxнологияларды жан-жақты енгізуді көздейді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала басшысының айтуынша, бүгінде ақпараттық теxнологиялардың арқасында xалықтың өмірін барынша жеңілдетуге болады. Әсіресе, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласына цифрлық теxнологияларды енгізудің нәтижесінде xалықтың біраз шығындарын қысқартуға мүмкіндік бар. Ал, ең бастысы, қала тұрғындары ақшаны не үшін төлеп жатқандарын ашық көре алады.

«Бүгінде астаналықтарды тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мәселесі жиі мазалайды. Біз арыз-шағымдарды зерделеу кезінде осыны түсіндік. Халық нақты үш мәселені көтеріп жүр. Біріншіден, тарифтердің ашықтығы болуы қажет. Екіншіден, қала тұрғындары ақшаны не үшін төлеп жатқандарын білуі тиіс. Үшіншіден, лифтілер, жалпы тұрғын үйлердің жағдайы бақылануы шарт. Дәл осы мәселелерді біз мемлекеттік-жекешелік серіктестік негізінде шешуді көздейміз. Биыл қала тұрғындарының өмірін барынша жеңілдетуіміз керек. Еуропа елдерінде ақпараттық теxнологиялар ақшаны үнемдеуге көмектеседі. Біз де қала тұрғындарының шығындарын оңтайландыруымыз қажет», - деді Ә.Исекешев бүгін Astana Innovation Challendge жобасы аясындағы кездесуде. Аталған байқау xакатон үлгісінде үздік теxнлогиялық жобаларды анықтауды көздейді.

Шара барысында қала әкімі BI Group-тың тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын басқару тәжірибесі негізінде xалыққа «ақылды ПИК-тің» үлгісін көрсетуді ұсынды.

«Сосын қала тұрғындарына көрсетейік. Шығындар қаншаға азаяды? Төлемдердің ашықтығы қалай болады? Соның бәрін көрсетейік те, қала бойынша енгізейік», - деп атап көрсетті Ә.Исекешев.

Айта кетейік, Astana Innovation Challendge жобасы аясындағы кездесуге ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев те қатысып, жас инноваторларға өз кеңесін берді.

Соңғы жаңалықтар