Исекешев Астанадағы түтінге қатысты: Мұнымен ұзақ уақыт айналысуға тура келеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорда әкімі Әсет Исекешев ластанған ауаны тазартуға қатысты Бейжіңнің қабылдаған шешімдеріне қызығушылық танытты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астана әкімдігінде өткен қала ауасын тазарту мәселелеріне арналған дөңгелек үстел  отырысында қытайлық сарапшы Бейжіңнің атмосферасын тазарту бағытында атқарылған жұмыстар жайында баяндама жасаған еді. Осы ретте Әсет Өрентайұлы оған қызығушылық танытты.

«Астаналар шеруі» жобасы аясында бауырлас қала Бейжіңді де шақырамыз. Аталған шараның тақырыбын ШЫҰ серіктестігі аясындағы жасыл Жібек жолына да арнауға болады. Сіздер серіктестік аясында сарапшыларды, мамандар мен кәсіпкерлерді алып келсеңіздер. Жақсы тәжірибелеріңіз бар», - деп атап өтті елорда әкімі қытайлық сарапшыға қарата.

Осы ретте Әсет Исекешев елордадағы түтінмен күрес мәселелеріне тоқталды.

«Қайғы-мұң болмас еді, бақытсыздық көмектесті» демекші, бізде  10 күн қатарынан жел болмаған кезде Астана үшін әдеттен тыс түтінді барлығы көрді және барлық тұрғындар бұл мәселеге назар аударып, алаңдай бастады. Жалпы, желдің салдарынан мұндай жайт бізде сирек орын алады. Дегенмен көзге көрініп тұрды. Бұл жайында түтін болмаған кезде емес, дәл қазір ойлану қажет», - деді ол.

Сонымен қатар қала басшысы бұл мәселені шешу барысында Сингапур, Мәскеу және Шығыс Еуропа елдерінің, Канаданың тәжірибесі зерделенгенін атап өтті.

«Ол жақта жүйе қалыптасқан. Олар: институттар, сарапшылар, ҮЕҰ, түрлі қорлар. Жауапкершілік шаралары да қатаң, кәсіпорынды жауып тастай да алады. Біз бұл мәселемен айналыса бастағанда жүздеген шешімін көрдік», - деп атап өтті елорда әкімі.

Қала басшысының айтуынша, мыңдаған қоғамдық көлікті экологиялық таза отынға ауыстырғанмен ауаны ластау проблемасы шешілмейді. Өйткені, қалада күніне мың көлік жолға шығады.

«Яғни, бұл оңай шаруа емес. Әкімдік қандай да бір бағдарлама әзірлеп, бюджеттен қаржы бөледі, қала тазара түседі деп ойлаудың қажеті жоқ. Бейжің бұл мәселемен 20 жыл айналысып келе жатқанымен, Швейцарияға жете алар емес. Бізге мұнымен байыпты әрі ұзақ уақыт айналысуға тура келеді», - деді Әсет Исекешев.

Соңғы жаңалықтар