«Ирма» дауылы екі рекорд жаңартты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жел 37 сағат бойы сағатына 298 километр жылдамдықпен соққан.

"Ирма" тропиктік дауылы ғалымдар тіркеген ең ұзаққа созылған дауыл болды. Бұл жайлы АҚШ Ұлттық қоғамдық радиосы Колорадо штаты университетінің ғалымдарына сілтеме жасап мәлімдеген.

«Мұншалықты ұзақ уақыт бойы қуатты қарқынмен соққан дауыл бұған дейін тіркелмеген»,- дейді Колорадо университетінің ғалымы Фил Клоцбек.

АҚШ-тың Дауылды ескерту ұлттық орталығы бұл ақпаратты растаған.

Айта кетейік, өткен жексенбіде Ирма дауылы Флорида штатының құрлық бөлігіне соғып, жағалауға жақын маңда теңіз толқындары 4,5 метрге дейін жеткен, деп хабарлайды Корреспондент.net.

Дауылдың салдарынан нөсер жайын жауып, су тасқындары болған. Табиғи апаттан бірнеше ондаған адам құрбан болды.

Соңғы жаңалықтар