Иранның Канган портында алапат өрттен 25 кеме өртеніп кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жұма күні кешке Иранның оңтүстігіндегі Канган портында алапат өрттен он үш сауда кемесі, сондай-ақ он екі балықшылар шхунасы және серуендейтін катерлер өртеніп кетті, деп хабарлайды ресейлік ТАСС агенттігі .

Бушер провинциясының порттар және кеме қатынасы басқармасының басшысы Мохаммад Мехди Панджаридің айтуынша, адам шығыны болмаған

«Құрылғыға байланған бір кемеде су айдайтын сорғы өртеніп, жалын айналаға тез тарады. Абырой болғанда, кемелерде экипаж болмағандықтан, адам шығыны жоқ», - деп атап өтті шенеунік.

Оның айтуынша, 2 млн доллардан астам материалдық шығын келген.

IRNA агенттігінің деректеріне сәйкес, өрт болған кезде айлақта 200-ден астам жүзу құралы байланып тұрған. Бірнеше сағатқа созылған жалынды ауыздықтау кезінде сегіз адам күйік шалып, уланған. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізіліп, қажетті медициналық көмек көрсетілді.     

Соңғы жаңалықтар