Ирандықтар Қазақстанда өсірілген қозыларға қызығып отыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Иран тарапынан Қазақстанда өсірілген қозыларға қызығушылық артып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қой шаруашылығында біршама өзгерістерді жасадық. Егер де осыған дейін қой етін өндіру субсидияланса, биыл әлемдік тәжірибе бойынша марқа өсіруге субсидия бөлінеді. Бұл бағыттағы шаралар үлкен серпіліс берді. Ағымдағы жылы алғаш рет Иранға экспорттадық. Батыс Қазақстан облысындағы «Батыс Марқа Ламб» кәсіпорны Иран тарапымен 1500 тонна марқа еті экспорты жөніндегі келісімшартқа қол қойды. Әрбір өндіруші «Батыс Марқа Ламб» кәсіпорнына өнім тапсырғаны үшін сатып алушы белгілеген бағаға ие болады және оның үстіне әр бас марқа үшін 1500 теңге алады»,-деді ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов Үкіметте өткен бапасөз мәслихатында.

Оның атап өтуінше, мал шаруашылығында субсидия алушылар саны үш есеге артты.

«Егер де 2017 жылға дейін субсидияны 175 шаруашылық алса, бүгінде олардың саны 522-ге жетті. Сәйкесінше, ірі қара етін өндіру 40 пайызға өседі деп күтілуде»,-деді Айтуғанов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Алматы облысынан қозылар тірідей Иранға ұшақпен экспортталып жатыр.

Ірі шаруашылықтар жасалған келісімдер аясында күзге қарай қозыларды ұшақпен экспортқа аталған елге шығарады.

Соңғы жаңалықтар