Ирандық шахматшы қызды хиджаб киюден бас тартқаны үшін құрамадан шығарды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -Ирандық шахматшы қыз Дорса Деракшани мен оның  15 жасар інісі Борна Гибралтардағы турнирге қатыспайтын болды, деп хабарлайды russian.rt.com.

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазын хиджабты киюден бас тартқаны үшін шенеуніктермен арада ұзаққа созылатын ауыр талқылаулар күтіп тұр. Ал бозбаланы өз кезегінде израильдік шахматшымен арадағы матч үшін кінәлауда.

 «Бәрінен бұрын  біз оларды Иран жалауы астында  шығатын кез келген турнирден шеттетеміз. Енді оларда  құрамаға мүше болудың ешқандай мүмкіндігі қалған жоқ»,-деген Иран Шахмат федерациясы басшысының сөзін келтіреді Ncr-iran.org сайты.

 Қазіргі уақытта Дорса Деракшанидің Испанияда оқып жатқандығы атап өтіледі. Ол Гибралтардағы турнирге қатысуға өз бастамасымен тіркелген.

Соңғы жаңалықтар