Ирандық бойжеткен Анджелина Джолиға ұқсау үшін 50 ота жасатқан

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Анджелина Джолидің 19 жастағы ирандық жанкүйері Сахар Табар өз кумирына ұқсау үшін 50-ден аса пластикалық ота жасатқан, деп хабарлайды mk.ru.

Бойжеткен ерінін, мұрынын, бетін әншіге ұқсатып, оған қоса қатты арықтаған. Ол бұнымен ғана тоқтап қалмаған. Бетіне гот стилінде грим жағып, бет әлпетін адам шошырлықтай кейіпке енгізген. Соған қарағанда оны тек голливудтық жұлдыздың болмысы емес, гот субмәдениеті де қызықтыратын секілді.

Ирандық қыздың соңғы суретін желі қолданушылары «Қалыңдықтың мәйіті» («Труп невесты») мультфильмінің кейіпкеріне ұқсатып жатыр. 

nullnull null

Соңғы жаңалықтар