Ирандық әйелдер халықаралық ауыр атлетика турнирлеріне қатысатын болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ирандық әйелдерге ауыр атлетикадан халықаралық турнирлерге қатысуға рұқсат беріледі. Бұл жайлы Иран ауыр атлетика федерациясының президенті Әли Моради мәлім етті, деп хабарлайды Рейтер агенттігі . 

«Біз Иран Ауыр атлетика федерациясының құрамында Әйелдер комитетін құрдық, біздің талантты қыздарымыз көп», - деді Әли Моради.

«Олар да ерлер сияқты төзімді. Жақын арада мұсылман спортшыларына арналған киімдермен халықаралық чемпионаттарда өнер көрсете алады деп үміттенемін. Бұл жағымды жаңалық, ерлер арасындағы ауыр атлетика жоғары деңгейде дамыған, ал әйелдер арасында мүлдем тарамаған Иран үшін бұл аса маңызды», - дейді Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) бас директоры Аттила Адамфи.

Ауыр атлетика федерациясында әйелдер бағдарламасын әзірлеу туралы Сауд Арабиясы Ауыр атлетика федерациясының басшысы да мәлімдеді.

Еске сала кетсек, әйелдер 1983 жылға дейін ауыр атлетика турнирлеріне қатысу құқығын ала алмай келді. IWF ережелеріне енгізілген бірқатар өзгертуден кейін ғана әйелдер халықаралық жарыстарда бақ сынай бастады. Атап айтқанда, 1987 жылдан бастап әлем чемпионаттарына, 2000 жылдан Олимпиада ойындарына қатысып келеді.

Соңғы жаңалықтар