Ирандағы ұшақ апаты: Бортта болған 66 жолаушы іздестіріліп жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Иранда жексенбі күні апатқа ұшыраған ұшақ жолаушыларын іздестіру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды bbc. 

Бұдан бұрын ирандық БАҚ құтқарушылар командасы Aseman Airlines әуе компаниясының апатқа ұшыраған лайнерінің сынықтары табылғандығын хабарлаған болатын.

Иранның таулы ауданында апатқа ұшыраған әуе кемесін жексенбіден бері іздеп жатыр, бірақ ауа райының қолайсыздығына байланысты кешкілік бұл жұмысты тоқтатуға тура келген.

Апат болған аумақ Исфахан провинциясындағы Семир қаласына таяу маңда, Ясудж әкімшілік орталығынан 22 шақырым жерде.

Лайнер Тегераннан Иранның оңтүстік-батысындағы Ясудж қаласына ішкі рейсті орындаған.

Ирандық БАҚ хабарлауынша,  бортта 60 жолаушы мен екі ұшқыш, екі жолсерік және екі күзетші болған.

Соңғы жаңалықтар