Иранда қуатты жер сілкінісі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сәрсенбіде Иранның шығысында қуаты 6,1 балдық  жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Еуропа- Жерорта теңізі  сейсмологиялық орталығы мәлім етті, деп хабарлайды ТАСС .

Орталықтың деректері бойынша, зілзала кіндігі шамамен 600 мың тұрғыны бар ирандық Кеман қаласынан шығыс бағытта 63 км жерде болған. Ошағы - 10 км тереңдікте.

Әзірге қирандылар мен құрбандар жайлы ақпараттар жоқ. Ал кеше, сейсенбіде Керман провинциясында болған қуаты 5, 7 балдық жер сілкінісі салдарынан 18 адам зардап шеккен еді. 

Соңғы жаңалықтар