Иранда 8 альпинистің мәйіті табылды

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Иранның батыс аймағындағы Лорестан провинциясынан 8 альпинистің мәйіті табылды, деп хабарлайды ИРНА .

«Құтқарушылар Иранның батыс аймағындағы Лорестан провинциясынан 8 альпинистің мәйітін тауып алды, тағы біреуі із-түссіз жоғалып кеткен»,- деді провинцияның дағдарысты ахуал басқармасының басшысы Реза Ариаи.

Бейсенбі күні 15 ирандық альпинистер тобы Лорестан провинциясындағы  Ошторанкух тауының биігіне көтерілген. Алайда, таудан түсер кезінде оларға қар көшкіні құлаған.

Оқиғаға байланысты штаб құрылды. Екі тікұшақ пен 60 құтқарушы іздеу жұмыстарына жұмылдырылды. Іздеу жұмыстары нәтижесінде 8 адамның мәйіті табылды, енді біреуі із-түссіз кеткендер қатарында.

Құтқару операциясының бірінші күнінде аман қалған алты альпинист табылған болатын, қазір олардың жағдайлары тұрақты.

Айта кетейік, Иран Республикасы Лорестан провинциясының шығысында орналасқан Оштеранкух тауы Иран Альпі тауы ретінде танымал. Таудың биіктігі - 4150 метр. 

Соңғы жаңалықтар